Массажды балаларға туылғаннан бастап жасауға болады, бастысы кейбір сақтық шараларын қолдану қажет.

Массаж жасар алдында баланың терісі толығымен құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.

Бұл процедура үшін тыныш және жылы бөлмені таңдаңыз (минимум 22°C).

Қолыңыз таза және әшекей бұйымдарсыз, ал тырнақтар қысқа болуы тиіс.

Баланы шешіндіріп шалқасынан жатқызыңыз. СБалаға жақын отырыңыз: сіздің қатысуыңыз бен жылы қолыңыз бөбекке ұнайды.

Алақаныңызға 2-3 Biolane бадам майын бүркіңіз және оны қолыңызда жылытыңыз: май массаж кезінде қолды оңай сырғытуға ғана көмектеспейді, сонымен қатар нәрестенің терісін кеуіп кетуден қорғайды.

Балаңыздың реакциясын бақылай отырып, массажды абайлап жасаңыз.

Бастапқыда массаждың ұзақтығы шамамен 10 минутты алады.

Балаға массаждың ұнамауы мүмкін. Мүмкін бала қорқады немесе бір нәрсеге алаңдайды. Оны қолыңызға алыңыз, тербетіңіз, ән айтыңыз және тыныштандырыңыз. Бала тыныш болған кезде бір-екі күннен кейін қайталап көріңіз.

Массаж - бұл шомылғаннан кейінгі күннің жақсы аяқталуы ғана емес, сонымен қатар баланың ата-анасына еркелейтін және жақындасу уақыты. Массаждан кейін баланың терісі құрғаудан ұзақ уақыт қорғалады. Массаж балалар үшін маңызды - бұл процесте баланың ата-анасына деген сенімі қалыптасады, ол өзін қауіпсіз сезінеді. Бұл сонымен қатар балалар жақсы көретін босаңсу уақыты!

Массаж баланың эмоционалды және физикалық дамуы үшін көптеген жағымды қасиеттерге ие:

  • Баланың дамуын ынталандырады, босаңсытады, шағын проблемаларды жеңуге көмектеседі (тыныс алу, ас қорыту және т.б.).
  • Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты дамытуда, эмоционалды және тактильді байланыс арқылы бір-бірін тануда маңызды рөл атқарады.
  • Массаждан соң бала тезірек ұйықтап кетеді.

Тек мамандар ғана емес, массажды балаға ата-аналар да жасай алады!

Ең бастысы, ыңғайлы орналасу және бірнеше негізгі массаж қозғалыстарын есте сақтау, сондай-ақ осы процесте баланың эмоцияларын бақылау.

Баланың реакциясын мұқият қадағалаңыз.

Ыңғайлы позицияны табуға үшін бірнеше кеңес береміз:

  • Арқаңыз түзу, бірақ босаңсыған күйде еденге немесе төсекке отырыңыз; баланы мүмкіндігінше жастыққа немесе көрпеге өзіңізге қаратып жатқызыңыз, баланың тыныш екенін қадағалап отырыңыз.
  • Немесе аяғыңызды созып отырыңыз және баланы көрпеге немесе жастыққа жатқызып, екі аяғыңыздың ортасына орналастырыңыз.
  • Немесе баланы бала бөлейтін үстелге жатқызыңыз.

Арқа массажы

Баланы етбетімен жатқызыңыз. Сипайтын дөңгелек бағыттағы қимылмен иығынан бастап, қолыңызды омыртқаның бойымен жылжытып отырыңыз.

Қол массажы

Баланың қолын бас бармақ пен сұқ саусақ сақина тәрізденіп, түйісетіндей етіп, ұстаңыз. Иықтын төмен қарай дөңгеленген қимылдармен баланың қолын алақанға дейін ақырындап сипаңыз. Аяққа да солай қайталаңыз.

Алақан массажы

Баланың алақанына, әр алақаннан соң саусаққа бас бармақпен және сұқ саусақпен массаж жасаңыз. Табанға да осылайша қайталаңыз.

Іш массажы

Қолыңызды баланың ішіне салыңыз, бірінші бір қолыңызбен, екінші екінші қолыңызбен ішті жоғарыдан төмен қарай сипаңыз.

Бет массажы

Бетті екі жағынан екі қолмен маңдайдың ортасынан бастап, самайға қарай, содан кейін беттен иекке қарай бағытта сипаңыз.

 

Массаж кезінде нәзік Biolane бадам майын пайдалану ұсынылады. Май негізгі май қышқылдарына бай, май баланың нәзік терісін жұмсартады, нәрлендіреді және қорғайды. Құрамындағы табиғи Е дәрумені кішкене балаларда жиі кездесетін тері құрғақтығымен күресуге көмектеседі. Май теріні жұмсартады, серпімді және қорғалған етеді.

  • Массажға мінсіз жарайды.
  • Бүркігіші бар қолайлы бөтелке тазалықты барынша сақтай отырып, майды теріге оңай жағуға мүмкіндік береді.
  • Шомылдарғанда жұмсарту үшін пайдалануға болады.
  • Себорей қабықшаларымен күресуге көмектеседі.