Интимді тазалаққа арналған тыныштандырғыш гель, 200 мл

Интимді тазалыққа арналған тыныштандырғыш гель күні бойы жұмсақ тазарту, ылғалдандыру және жайлылықты сақтау үшін әзірленген.

Сипаттамасы

Жүктілік кезіндегі ағзаның гормоналды өзгерістері интимдік аймақтың микрофлорасына тікелей әсер етеді. Жайсыздық сезімін жеңілдету үшін арнайы интимдік гигиеналық құралдарды қолдану маңызды. Тыныштандыратын гель Biolane интимдік гигиена үшін, жұмсақ тазартуға, ылғалдандыруға және күні бойы жайлылықты сақтауға арналып әзірленген. Гипоаллергенді формуласы интимдік аймақтың күнделікті гигиенасына жарайды.

  • тыныштандырады
  • тітіркенуді басады
  • қышу сезімін кетіреді

Құрамындағы сүт қышқылы интимдік аймақтың табиғи микрофлорасын сақтайды (РН 5.2). Сондай-ақ, құрамында бисаболол бар, ол тыныштандырады, тітіркену мен жайсыздық сезімін жояды. Бисаболол - Бразилияда кандея ағашының гүлі майынан алынған 100% өсімдік ингредиенті. Бұл компонент тыныштандыратын және сергітетін қасиеттері үшін кеңінен танымалдыққа ие болды.

  • 95% табиғи ингредиенттерден тұрады.
  • Дерматологиялық және гинекологиялық бақылаудың клиникалық тестілеуінен өткен.
  • Гипоаллергенді.
  • Парабендерсіз.
  • Феноксиэтанолсыз.
Қалай қолданады

Алдадан артқа қарай сипап, өнімді интимдік аймаққа жағыңыз. Жылы сумен шайыңыз. Тек сыртқы пайдалану үшін, ішке қарай бүркіп қолдануға болмайды.

Құрамы
AQUA, GLYCERIN, COCAMIDOPROPYL BETAINE, PEG-7 GLYCERYL COCOATE, SODIUM COCOAMPHOACETATE, DISODIUM LAURYL SULFOSUCCINATE, LACTIC ACID, SORBITAN SESQUICAPRYLATE, SODIUM BENZOATE, PARFUM (FRAGRANCE), SALICYLIC ACID, BISABOLOL
Қайдан сатып алуға болады