Ланолин қосылған омырау ұшын қорғайтын бальзам, 40 мл

Ланолинді омырау ұшына арналған бальзам омырауды емізуге дайындауға және емізу кезінде омырау ұшы жарақаттары мен тітіркенуін жазуға арналған.

Сипаттамасы

Ланолинді омырау ұшына арналған бальзам омырауды емізуге дайындауға және емізу кезінде омырау ұшы жарақаттары мен тітіркенуін жазуға арналған.

Бальзам омырау ұшының жарықтарын тиімді жазылтады, бала емізгенде омырау ұшының қызаруы мен ауырсынуын жеңілдетеді. УЕгер құрғақтық немесе қабыршақтану болса, теріні ылғалдандырады. Бальзамның негізгі компоненті – медициналық тазартылған ланолин. Медициналық тазарту ланолинін – АҚШ -тың азық-түлік өнімдері және дәрі-дәрмек басқармасы (Food and Drug Administration, FDA) мақұлдаған және омырау ұшы жарылуының алдын алу және емдеу құралы ретінде бүкіл әлем бойынша лактация жөніндегі кеңесшілер ұсынған. Ланолин – шығу тегі табиғи зат. Ол жарада арнайы ылғалды орта жасайды, бұл кепкен қабыршақсыз емделуге ықпал етеді. Тұтқырлығының арқасында ланолин жарылған жерге жаққанда жеңіл ауырсынуды басатын әсерге ие.

  • 99% ингредиенттердің шығу тегі табиғи.
  • Құрамында хош иістендіргіш жоқ.
  • Дерматологиялық тестілеуден өткен.
  • Парабендерсіз.
  • Синтезделген Е дәруменімен қосымша байытылған;
  • Бала емізер алдында жууды қажет етпейді (сулы ортада ерімейді);
  • Анаға да, балаға да қауіпсіз;
  • Гипоаллергенді.
Қалай қолданады

Омырауды емізуге дайындау үшін. Бальзамды омырау ұшына күнде, жүктіліктің 38 аптасынан бастап, жұмсақ сіңіргіш қималдармен жаға бастау ұсынылады.

Омырау емізгенде. Бала емізген кезде омырау ұшының жарылуын жазылдыру үшін және тітіркенуді кетіру үшін бальзамды омырау ұшына әр бала емізген сайын жағу қажет.

Құрамы
LANOLIN, BHT
Қайдан сатып алуға болады