Аргана майы бар созылудан қорғайтын крем, 200 мл

Аргана майы бар созылудан қорғайтын кремі жүктілік кезінде созылу белгілерінің алдын алуға көмектеседі.

Сипаттамасы

Жеңіл, кремнің консистенциясы тез сіңіп, теріңізді жұмсақ әрі нәзік күйге ендіреді. Кремді үнемі қолдану созылу белгілерінің пайда болуына жол бермей, терінің серпімділігі мен тығыздығын арттырады. Қышуды басады және пайда болған созылу белгілерін ағартып аз байқалтады. Белсенді әрекет ететін ингредиенттер – арганы майы, Hydra-Bleine (бидай ұрығының майлары мен протеиндері) , Е дәрумені, емен қабығының сығындысы. Бағалы аргана майы – терінің серпімділігі мен тығыздығын арттырады, оның рельефін тегістейді. Майдың құрамында Е дәрумені, каротиноидтар, фитостеролдар сияқты компоненттердің көп болуына байланысты ол өз эластині мен коллагенін өндіруді ынталандырады. Hydra-Bleine бірегей компоненті (бидай ұрығының майлары мен протеиндері) – терінің су-липидтік теңгерімін сақтайды. Е дәрумені – өзінің антиоксиданттық қасиеттерімен танымал, эластин мен коллагенді бос радикалдар атқаратын ыдыраудан қорғайды. Теріні тегістейді және тартады. Емен қабығының сығындысы – илік заттардың арқасында жасушалардың тіндік мембраналарын тығыздау қабілетіне ие. Ағартатын әсердің арқасында пайда болған созылу белгілері азырақ байқалады.

  • 97% ингредиенттер табиғи шығу тегіне ие
  • Кремнің жеңіл де ұнамды иіске ие
  • Дерматологиялық бақылау тестілеуінен өткен
  • Гипоалергенді
Қалай қолданады

Жүктіліктің алғашқы күндерінен бастап теріге күніне 2-3 рет жағыңыз. Оңтайлы нәтиже алу үшін босанғаннан кейін 3 айға дейін кремді қолдануды жалғастыру ұсынылады (емізген кезде омырау ұшы аймағы мен маңайына тигузіден аулақ болыңыз). Таза, сәл дымқыл теріге жағыңыз.

Іш: кіндіктен сыртқа қарай жеңіл айналмалы қозғалыспен жағыңыз;

Жамбас: екі қолмен төменнен жоғары қарай жағыңыз;

Омырау: жұмсақ айналмалы қозғалыстармен жағыңыз.

Құрамы
AQUA, ARGANIA SPINOSA KERNEL OIL, GLYCERIN, GLYCERYL STEARATE, CETEARYL ALCOHOL, STEARIC ACID, SODIUM LAUROYL GLUTAMATE, TOCOPHEROL, PARFUM (FRAGRANCE), PENTYLENE GLYCOL, SODIUM HYDROXIDE, CAPRYLYL GLYCOL, DECYLENE GLYCOL, TETRASODIUM GLUTAMATE DIACETATE, COCODIMONIUM HYDROXYPROPYL HYDROLYZED WHEAT PROTEIN, POTASSIUM CITRATE, SILANETRIOL, POTASSIUM SORBATE, SODIUM BENZOATE, CARBOMER.
Қайдан сатып алуға болады